2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 75-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
___________Е.ДОСАЕВ.
3 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілді
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 75-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – сату барысында қалыптасатын мүліктің бағасы;
2) алғашқы баға – комиссия белгілейтін баға;
3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
5) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) әлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген балалар үйі, қарттар және мүгедектер үйі, балабақшалар, мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер;
7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;
8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;
9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған және аукцион қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;
10) жергілікті атқарушы органдар – аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
11) кепілдік жарнасы – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын;
12) комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдалану ережесіне сәйкес құрылған комиссия;
13) қатысушы – аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
14) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлік;
15) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – тізілім);
16) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе заңды тұлғалар;
17) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;
18) сату бағасы – мүлікті өткізудің түпкілікті бағасы;
19) сауда-саттық – аукцион және қор нарығындағы сауда-саттық нысанында мүлікті сату тәсілі;
20) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
21) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
22) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;
23) ұйымдастырушы – сату объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не комиссия бастамасында сауда ұйымдары арқылы мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға;
24) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде айқындалған тәртіпте жүргізіледі.
2. Мүлікті одан әрі пайдалану
4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне өтеусіз беруді) комиссия қабылдайды.
5. Мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру экономикалық орындылығы және мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін нысаналы пайдалану мүмкіндігі жағдайында жүзеге асырылады.
Мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру кезінде экономикалық орындылығының және оны нысаналы пайдалану мүмкіндігінің негізгі өлшемдері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиесілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттері (автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлік үшін) шегінде мемлекеттік органдардағы берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау;
2) мүлікті нысаналы пайдалану мүмкіндігін айқындау және мемлекеттік органдарда өндірістік қажеттіліктің болуы;
3) берілетін мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржылық шығындар болып табылады.
6. Мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті қабылдаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдарды (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына берудің қажеттілігі туралы қорытындыны ұсыну үшін хабардар етеді;
2) мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру қажеттілігі (қажеттілігінің жоқ екені) туралы қорытындыны уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға жібереді;
3) мемлекеттік органның қорытындысында көрсетілген мүлікті бекіту болжамдалған мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – мемлекеттік заңды тұлға) көрсетілуі тиіс;
4) комиссия мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыны осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне қарастырады;
5) комиссияның оң шешімі болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы шешімді қабылдайды;
6) мемлекеттік органдар тиісті қорытынды ұсынбаған немесе мүлікті республикалық немесе коммуналдық меншік құрамына қабылдау қажеттілігінің жоқ екені туралы қорытынды берген жағдайда, мүлік осы Қағиданың 8-тармағымен көзделген тәртіппен пайдаланылады.
7. Мүлікті өтеусіз беру, оның ішінде сауда ұйымдары арқылы немесе аукционда өткізілмеген, одан әрі пайдалануға жарамды мүлікті өтеусіз беру мынадай тәртiпте жүзеге асырылады:
1) мүлік туралы ақпаратты комиссия шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган тізілімнің веб-порталында жариялайды;
2) мүлікті өтеусіз алуға өтінімді тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілері береді. Мүлікті өтеусіз алу өтініміне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не болмаса анықтама және жарғының (ереженің) сканерленген көшірмесі қоса беріледі;
3) мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдердің аяқталу күні мен уақыты болған кезде автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;
4) мүлікті өтеусіз алуға өтінімді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім берушілер болған жағдайда өз өтінімін бұрын берген тұлға артықшылықты пайдаланады;
5) мүлік уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде қабылдап алу-беру актісі бойынша әлеуметтік мекемелерге беріледі және онда көрсетілген тараптар санына қарай жасалады.
3. Комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы және сауда-саттықта мүлікті өткізу
8. Мүлікті сату мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
аукционда өткізілмеген өнеркәсіптік тауарлар;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
9. Комиссия шартының негізінде сауда ұйымдары арқылы мүлікті сату мынадай тәртіпті сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) мүлік туралы ақпарат комиссия шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлар үшін бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында құны мен негізгі сипаттамалары көрсетіле отырып жарияланады;
2) сауда ұйымдарының субъектілерінен мүлікті өткізуге өтінім тізілімнің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қабылданады. Мүлікті өткізуге өтінімге мүліктің орналасқан өңірінде мамандандырылған дүкеннің (сауда алаңының) болуын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмесі қоса тіркеледі;
3) мүлікті өткізуге өтінім хабарламада көрсетілген өтінімді қабылдау күні мен уақыты аяқталғаннан кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;
4) мүлікті өткізуге өтінімді ашу уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті өткізуге ниетті бірнеше өтінім берушілер болған жағдайда өз өтінімін бұрын берген тұлға артықшылықты пайдаланады;
5) комиссиялық бастамада мүлікті өткізу мамандандырылған дүкенде (сауда алаңында) ашық сатуға мүлікті қою және оны белгісіз тұлғалар тобына сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы бағалаушы ұсынған бағалау құны бойынша жүзеге асырылады;
6) сауда ұйымдары арқылы өткізу үшін мүлікті беруді сатушы қабылдап алу-беру актісі негізінде жүзеге асырады. Қабылдап алу-беру актісіне берілетін мүліктің құны көрсетіле отырып оның тізімдемесі қоса беріледі;
7) мүлікті қабылдап алу-беру сәтінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірместен комиссиялық сауда-саттықты жүзеге асыратын ұйым мүлікті қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген құн бойынша мамандандырылған дүкенге (сауда алаңына) сатуға қояды;
8) егер мүлік сатуға қойылған күннен бастап бір ай мерзімде сатылмаған болса, онда сатушы оның құнын комиссия шешімі негізінде төмендетеді (арзандатады);
9) егер мүлік алғашқы арзандату сәтінен бастап екі ай ішінде сатылмаса, сатушы оның құнын комиссия шешімі негізінде айқындалған ең төменгі бағаға дейін төмендетеді. Мүлік құнын бағалау құнынан елу пайыздан төмен төмендетуге болмайды;
10) осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларымен белгіленген мерзімдерден бұрын мүлік құнын төмендетуге болмайды.
10. Комиссия шарты негізінде мүлікті сатумен байланысты туындайтын сатушы және комиссиялық сауда-саттықты жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы ережелерге сәйкес реттеледі.
11. Сауда-саттықта мүлікті өткізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;
2) бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есепті ескере отырып, мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;
3) сауда-саттық әдiстерi айқындалады;
4) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;
5) сауда-саттықты өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
6) кепiлдiк жарналар қабылданады;
7) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
8) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
12. Сатушының функциялары:
1) тәуелсіз бағалаушыларды тарта отырып Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес мүліктің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
2) сауда-саттыққа мүлікті дайындауды жүзеге асыру;
3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;
4) аукционды өткізуді қамтамасыз ету;
5) комиссияның шешімі негізінде мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарна сомасын айқындау;
6) ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ комиссия шешімі негізінде ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою;
7) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржасы) мемлекетке меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды қамтамасыз ету;
8) қор биржаларында мемлекетке меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргізу әдісін анықтау;
9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;
10) мүлікті сауда-саттықтан алу туралы шешімді қабылдау;
11) сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізілу барысына бақылауды жүзеге асыру;
12) аукцион жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу;
13) сатып алушылар, ұйымдастырушылармен есептесулерді жүзеге асыру;
14) мүлікті өткізу үшін қажет басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.
13. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн сату кезiнде сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама сауда-саттық өткiзiлетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Аукцион өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) аукционның өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын;
2) сауда-саттықтың әдiсiн;
3) мүлік туралы мәлiметтерді;
4) бастапқы, ал сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып аукцион өткiзiлген кезде сатуға қойылатын мүліктің ең төменгі бағасын;
5) кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен бірыңғай оператордың банктiк деректемелерiн;
6) өтiнiмдердi қабылдау мерзімін;
7) аукционды өткiзу, оның ішінде аукционға қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті;
8) сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
14. Қор биржасында мемлекетке меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткізу мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Қор биржаларында сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;
2) сауда-саттықтың өткізілетін орнын;
3) бағалы қағаздар эмитентінің атауын;
4) эмитент туралы мәліметтерді;
5) сатылатын бағалы қағаздардың санын;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
15. Мүлікті сату туралы хабарламаны жариялау кезінде сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
2) мүліктің фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы сатып алуға ниет бiлдiрушiлердің барлығының мүлік туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
16. Аукционға қатысу үшін қатысушылар кепiлдiк жарнаны мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
17. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
18. Сатушы мынадай жағдайларда:
1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
2) сатып алушыға – ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.
Аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртіпте тiркелмеген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кепілдік жарналары жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушымен, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғамен кепілдік жарнаны қайтару өтінішінде көрсетілетін деректемелерге қайтарылады.
19. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
20. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
21. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
22. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
23. Сатушыға және бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционды дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде аукционға қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
24. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының осы Қағиданың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
25. Сатушы аукционға қатысудан электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін жояды.
26. Аукционды өткізу кезінде алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағаны сатушы белгілейді.
Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаға тең болады.
Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны өсу коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болуы мүмкін емес.
27. Мүлік бірінші рет аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiн қолдана отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондарда сауда-саттықтың әдiсiн комиссия белгілейді.
Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, мүлікті екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде мүліктің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Сауда-саттықтың голландтық әдісін қолдана отырып сату объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға алғашқы бағаның 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді. Голландтық әдіс бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде олар бойынша Комиссияға ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға жол берілетін голландтық әдісті қолдана отырып өткізілген үшінші және кейінгі аукциондарды қоспағанда, ең төменгі баға алдыңғы аукционның ең төменгі бағасының 50 пайызынан асырмай төмендету жолымен белгіленеді.
28. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион мүліктің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.
Егер сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
29. Егер аукцион басталған сәтте мүлік бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға мүлікті сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.
30. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
2) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20000 еселенгеннен бастап 50000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 7,5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
3) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50000 еселенгеннен бастап 100000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
4) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100000 еселенгеннен бастап 250000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
5) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250000 еселенгеннен бастап 500000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 1 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;
6) объектiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша 0,5 пайыз мөлшерінде және сауда-саттықтың голландық әдісі бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi.
Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.
31. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 30-тармағына сәйкес белгіленген қадамға сату объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 30-тармағына сәйкес белгіленген қадамға сату объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сату объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Мүліктің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана сату объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
32. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион:
1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сату объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 30-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сату объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша сату объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер сату объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
Осы Қағиданың 28-тармағының төртінші бөлігінде, 29-тармағында, 31-тармағының 1) тармақшасында және 32-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
33. Әрбір сатылған мүлік бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
34. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының мүлікті сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
35. Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 33 және 34-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тізілім веб-порталынан басып шығарылатын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлікті сауда-саттыққа тағы да шығарылады.
36. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ аукцион қатысушыларының кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына аукционда жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және аукционның басқа қатысушыларына кепілдік жарналарын қайтарады.
37. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:
1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;
2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.
38. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болуы фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
39. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтар болғанда аукцион жалғаса береді.
40. Аукционды жүргізуге немесе аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 38-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтар фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы осы аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аукционға қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейін келесі үш жұмыс күнінің біреуіне ауыстырады.
41. Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.
Аукционда ұтқан тұлға аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады.
42. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.
43. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi зиянның кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiн өтеуді талап етуге жол беріледі.
44. Мүлікті беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейiн Тізілімге енгізуге жататын қабылдап алу-тапсыру актiсiне қол қою арқылы жүргiзiледi.
45. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды сатушы брокерлік компанияны тарта отырып жүзеге асырады.
46. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 98-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет меншігіне айналдырылған акцияларды сату кезінде сатып алушы акционерлік қоғам егер соңғысы сатып алушының акцияларына иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды.
47. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы брокерлік компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.
48. Мемлекетке меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде оларды сатуға байланысты сатушы мен брокерлік компаниялар арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.
49. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына және тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
50. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысулар сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірместен жүргізілуі тиіс.
51. Төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан iс жүзiндегi шығындарды өтеу туралы талап етуге жол беріледі.
52. Бағалы қағаздарды беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.
53. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
54. Тасымалдауға, сақтауға, бағалауға, сатуға байланысты шығындары олардың бағалау құнынан асып түсетін қара және түсті металл сынығы Комиссияның шешімі бойынша неғұрлым тиімді баға мен шарттар ұсынған металл сынығын қабылдау жөніндегі мамандандырылған ұйымға тапсыру жолымен орналасқан жері бойынша өткізілуі мүмкін.
55. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады.
4. Мүлікті сатудан алынған қаражат
56. Мүлікті сатудан а